ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА – ЖАҢА ПӘН

20:55, 20 қыркүйек 2019

Қостанайдағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында жаңа пән енгізілді. Енді, оқушылар химинформатиканы оқитын болады. Оның ерекшелігі неде? Тың жоба бойынша ашылған, жаңа аудитория жұмысымен біздің түсірілім тобы да танысып қайтты.

Қостанайдағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты ашылғанына да тура бір жыл толды. Жаңа айти технологияны меңгеруді мақсат еткен оқушылар   үшін биылғы жылдан бастап химинформатика пәнін оқыту қолға алынған. Олар енді химиядағы теориялық элементтерді визуалды көріп, тәжірибие жасау мүмкіндігіне ие. Жаңа енгізілген пән мектептің 7,8,9 сыныптарына оқытылу үстінде екен.

Озаттың озат оқушылары  үшін химия, физика, биология пәндері бойынша арнайы зертханалар ашылған.  Бұл орталықта оқушыларға теориялық пәндерді, практикада тәжірибие жасауға мүмкіндік береді. Озатта оқып, работотехника саласын жақсы меңгерген Камила болса, болашақта мамандығым осы саламен байланысты деп нық сенімде.

Ұстаздардың ойынша оқушыларға оқытылатын физика, биология, работотехника пәндеріне информатика пәні қосып оқытылатын болса, олардың ерте жастан инженерлік қабілеттерін ашуға болады дейді. Елімізде соңғы жылдары ашыла бастаған айти мектептер үшін, бәсекеге қабілетті, жан-жақты маман тәрбиелеу басты міндет.

Жансая Асылбекқызы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...