ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

20:49, 2 қыркүйек 2019

Қостанайда қазақ және орыс тілінде білім беретін жаңа мектеп ашылды. Білім ошағы Әуежай шағын ауданында бой көтерді. Заманауи үлгідегі мектеп 900 орынға есептелген. Өзінің жеке спорт алаңы, Ай ти кабинеті, қысқасы заман табалына сай мектепке қажетті барлық жағдайлар жасалынған. Құны 1 миллиард 700 миллион теңгені құрайтын жоба бірегейлігімен ерекшеленеді. Қаржы толығымен игеріліп, мектеп балаларға білім күнінде есігін айқара ашты.

Мына балалар үшін  бұл ерекше күн. Себебі, олар жаңа мектептің алғашқы оқушылары. Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев арнайы келді. Оқушылар мен ұстаздардың және ата-аналардың қуанышын бөлісіп, ізгі лебізін жолдады.

Көп кешікпей жаңа мектептің ауласында алғашқы қоңырау да соғылды.Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн шын мәнінде ұмытылмасы хақ.

Жаңа білім ордасы заманауи талаптарға сай. Мұнда білім алу және бала тәрбиесі үшін барлық жағдай бар. Спорт зал, еңбекке баулу пәні өтетін цехтар, тіпті оларда саз балшықтан құмыра жасайтын станоктарға дейін бар. Ал мұндай цехтар облыстағы өзге мектептерде әлі болған емес. Мектепті аралап көріп, көңілі толған облыс әкімінің орынбасары мердігерге алғысын білдірді.

Білім ошағы №29 аралас орта мектеп болып тіркелді. Биыл оған 870 бала қабылданды. Және тек біліктілігі жоғары мұғалімдер сабақ беретін болады.

Мектептің ашылуы тек оқушылар мен ұстаздарды  ғана қуантпады.Ата-аналдар да дән риза.

Партаға отырған мына балаларға бірінші шағын сабақты полиция департаментінің қызметкерлері берді. «Абайлаңыз – балалар». Осындай атаумен өткен шара  мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Осылайша, облысымыздағы мектептерінің қатары тағы бір замануи білім ошағымен толықты.

Тақырып бойынша материалдар

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
20:32, 18 ақпан 2020
ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...