ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

ЫБЫРАЙ ІЗІН ЖАЛҒАСТЫРҒАН ЖАН

13:00, 16 мамыр 2018

Алғашқы ағартушы – Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп тегін айтпаған. Мұндай мәртебе ұстаз атаулының бәріне әбден лайық Аталмыш мамандық иелеріне ғалым да, шахтер де бас иеді. Себебі, ұстазда бар үлкен қасиет. Мәдениеттілікке баулып, білгенін шәкіртіне дарытуды діттеген білім беру саласының өкілдері өмірлерін де осы ағарту ісімен біржола байланыстырады. Абайша айтсақ, ақырын жүріп, анық басқан, ұстаздық етуден жалықпаған мәртебелі мамандық иелері - олар. Солардың бірі, ғұмырын абзал салаға арнаған ардагер ұстаз – Беген Көпеш. Тілші әзірлеген келесі сюжет кәсібінің киесін біліп, қалтқысыз қызметімен құрметке кенелген Беген Қаженұлы жайында болмақ.

Ол өмірде өте қарайым. Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау, дегенді әрдайым қаперде ұстап, білім беруде еш уақытта аянып қалған емес. Қай уақытта да бәсекеге қабілетті болудың көсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, саналы ұрпақ тәрбиелеу тетіктерінің толықтай іске асуына үлес қосуды өз міндетім деп санадым, -  дейді бақытты ұстаз.

Бүгінде ұлағатты ұстаз, бірнеше буын шәкірт түлеткен Беген Қаженұлының есімі  елге етене таныс. «Құрмет» белгісінің иегері, «Еңбек ардагері», Ы. Алтынсарин атындағы медаль иесі, Қостанай қаласының ардақты ардагеріне атқарған адал да, абзал қызметі үшін ізбасарлары ізет көрсетуден жалықпайды.

Беген Көпеш білім беру бағытында көптеген оң өзгерістердің басты себепкері, тікелей бастамашысы болды. Ғұмыры ғибратқа толы тау тұлғаның жиында мерейі кезекті мәрте үстем болды. Оның осы уақытқа дейінгі орасан әрі нәтижелі еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі. Есімі мен еңбегі егіз ұғымға айналған ағарту саласының ардагеріне қарап бой түзеген жастардың келешегі кемел болары күмәнсіз.

Тақырып бойынша материалдар

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ: ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МЕКТЕП АСХАНАСЫН ТЕКСЕРДІ
20:38, 14 қаңтар 2019
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ: ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МЕ...
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
20:51, 9 қаңтар 2019
ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ
20:37, 8 қаңтар 2019
МЕКТЕПТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...