ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«ҮЗДІК МЕКТЕП МҰРАЖАЙЫ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:39, 15 мамыр 2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» орта және қосымша білім беру мекемелерінің арасында «Үздік мектеп мұражайы» байқауын өткізді. Тарихи қоймалар тартысына тілші куә болды.

Бұл байқаудың басты мақсаты - мұражай педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіруде және бірегейлік қалыптастыру процесінде тың тәсілдерді іздеу. Сайысқа түсушілер саны былтырғыға қарағанда, біршама артқандығы айқын аңғарылады, - дейді шара бастамашылары. Осы орайда Амагелді ауданының қатысушысына сөз берсек.   

Сандарды сөйлетсек, тартысқа Тобыл өңірінің түкпір-түкпірінен 22 мектеп музейі ұсынылған екен. Барлығы 51 қытысушының 28-і оқушы болса, 23-і жетекші мұғалімдер. Сынға түскен алдыңғы қатарлы мектеп мұражайларын конкурс критерийлеріне сай, кәсіби мамандар бағалайды. Қазылар тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлерінен жасақталған.

Жалпы, жарыс жеңімпаздары 3 аталым бойынша анықталады. Олар: тарихи, әдеби және кешенді өлкетану мұражайлары деп бөлінеді. Алғашқысына әскери, еңбек, халықтар достығы мен археологиялық жәдігерлер кірсе, екіншісі атақты жазушылар мен олардың шығармашылығын және өнегелі өмірін насихаттайды. Ал, соңғы топтағы мұражай өңірдің табиғатын, тарихын және мәдени қырларын қамтиды. 

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...