ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ». ОҚУШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

20:26, 4 ақпан 2020

Алматыдан жеңіспен оралды. Қостанайдағы №28 мектеп-гимназияның оқушылары республикалық өнер байқауында үздік нәтиже көрсетті. Темір жол вокзалында жеңімпаздарды ата-аналары мен ұстаздары, сыныптастары қарсы алды.

«Ұлы дала мұрасы» атты балалар мен жасөспірімдер өнер байқауына сегіз оқушы аттанған. Олар көркемсөз, би және эстрадалық вокал номинацияларында бақ сынады. Ұстаздар үміті ақталып, шәкірттері жеңіспен оралды.

Жол қараған жандардың жүзінен қуаныш табын аңғару қиын емес. Асыға күткен «Алматы-Қостанай» пойызы тоқтасымен олар вокзал маңын думанға бөлеп жіберді.

Бұл – аталған білім ошағының алғашқы жетістігі емес. «Алдағы уақыттарда да байқауларға қатысып, биіктен көрінеміз деген үміттеміз. Оған оқушыларымыздың әлеуеті жетеді» дейді мектеп ұстаздары.

 

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар