ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

ТІЛДІ БІЛУ – ӨРІСІҢ!

20:42, 8 қараша 2018

Облысымызда бүгінде қазақ тілін меңгеріп, тіпті осы пәннен сабақ беріп жүрген өзге ұлт өкілдері аз емес. Солардың бірі Федоров ауданындағы Римма Афанасьева мен Дмитрий Ромашенко. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі боп істейтін олар орта болмаса да, қазақшаны жетік меңгерген.

Римма Афанасьва Жітіқара ауданында дүниеге келген. Өскен ортасында қазақша сөйлейтіндер мүлде болмапты. Орыс мектебінде оқыған. Қазақ тілін меңгеруге өзімнің қызығушылығым мен осы пәннен сабақ берген ұстазым себеп болды дейді ол.
 

Сөйтіп Римма қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты. Қазір Федоров ауданындағы Воронеж аулында, орыс мектебіне қазақ тілінен сабақ береді.
 

Ал бұл Дмитрий Ромашенко. Федоров кентіндегі орыс мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Украин отбасында дүниеге келді, мектепті орысша оқыды. Әйтсе де өзінің ерік-жігерінің арқасында қазақ тілін меңгеріп шықты. Жоғары білім алды. Бүгінде білгенін шәкірттеріне үйретіп жүр. Әлі де болса қазақ тілінің насихатталуы кем деп қынжылады.
 

Римма да, Дмитрий де өмірдегі бар жетістіктерін осы тілді меңгергеннің арқасы деп есептейді. Сондықтан үнемі ізденіп, білімдерін жетілдіріп отырады. Ұстаздардың басты мұраты – тілмен бірге жас ұрпақтың санасына ел мен жерге деген шынайы сүйіспеншілікті сіңіру.


Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
20:46, 9 қараша 2018
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Толығырақ...
«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
20:40, 7 қараша 2018
«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар