ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

СЫНАҚ КІТАПШАЛАРЫ ҚОЛДАНЫСТАН АЛЫНДЫ

20:31, 25 ақпан 2020

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары қолданыстан алынып тасталды. Енді олардың орнын электронды жүйе алмастырады. Көп салада жаппай цифрландыру шаралары жүріп жатқанда, өркениет көшінен қалмай, заман талабына бейімделу оқыту бағдарламасына да оң ықпал етеді. Сандық жүйеге көшу ағарту саласын алға бастырудың тиімді тетігі саналады деген ойда жергілікті педагогтар қауымы.

Білім және ғылым министрлігі студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірледі. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді. Осыны ертерек ескерген облыс орталығындағы ЖОО-ның бірі 3 жылдан бері студенттердің білімін электронды форматта бағалап келеді. 

Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты. Айта кеткен жөн, бір сынақ кітапшасының құны орташа есеппен 380 теңгені құрайды. Сол

себепті, сандық жүйеге көшу студенттердің ақшасын да үнемдейді. Өз білімінің деңгейін электрондық нұсқада білу жастардың да оң жамбасына келеді.

Жалпы, цифрландыру заманында отандық білім беру жүйесі біртіндеп онлайн-форматқа көшірілуде. Тіпті, орта мектептердің өзінде электронды күнделік пайдаланылып жатқанда, жоғарғы оқу орындарында  сынақ кітапшаларының қолданыстан алынуы әбден орынды.

Тақырып бойынша материалдар

320 ОРЫНҒА ЕСЕПТЕЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕП БИЫЛ ТАПСЫРЫЛАДЫ
20:22, 26 наурыз 2020
320 ОРЫНҒА ЕСЕПТЕЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕП БИЫЛ ТАПСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар