ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«СЕРПІН-2050» ЖОБАСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

20:39, 21 қазан 2019

Студенттерге арналған «Серпін-2050» бағдарламасы – еліміздегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған нәтижелі жоба. Бұл бағдарлама халқы тығыз орналасқан оңтүстік түлектерінің солтүстік аймақтарда тегін білім алуларына және одан әрі еңбек етіп, біржола тұрақтап қалуына жағдай туғызады. Сол арқылы түстікте жұмыссыздық деңгейі азайса, теріскейде еңбек нарығындағы маман тапшылығын шешуге мүмкіндік туады.

2014-ші жылдан бастап елімізде «Серпін-2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты – еңбек ресурстарының артықшылығы бар Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының жастарын кадр тапшылығы сезілетін өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл ретте Қостанайда орындалып жатқан жұмыстар оң нәтиже беруде. Оны университет оқытушылары растайды.

Бағдарламаның берекеттілігін байқаған жастар облыс орталығында ғана емес, өздері қалаған аудан-қалаларда да білім алып, жұмысқа орналаса алады. Мысалы, Арқалық, Рудный шаһарында немесе аудан орталықтарында орналасқан колледждерде де оқуға құқылы. Қазіргі таңда педагогикалық университет қабырғасында 13 мамандық бойынша 193 студент оқиды.

«Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы мыңдаған студенттерге Батыс, Шығыс Солтүстік Қазақстан мен Қостанай өңірінің колледждері мен ЖОО-да сапалы білім алуға мол мүмкіндік береді. Бағдарлама шартына сай сыйақы төленеді, жатақхана беріледі, шәкіртақы тағайындалады. Ал, оқуын бітірген соң, жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру жайы да қарастырылған. Былтыр университеттен 120, биыл 116 студент түлеп ұшып, өткен жылы 63 жас маман жұмысқа тұрса, осы жылы оқу бітірген 100 студент еңбекпен қамтамасыз етілген.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...