ШҰҒЫЛ! АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ! Толығырақ

САПАЛЫ БІЛІМ – ҮЗДІК НӘТИЖЕ

20:36, 30 мамыр 2019

Тынымсыз еңбек, терең ізденіс, жаңа жобалар. Қостанайда республикалық ғылыми жобалар жарысында жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларды марапаттау рәсімі өтті. Алматы қаласында болған білім бәсекесінде біздің өңір өрендері – мектеп пен мұғалімдерінің мәртебесін асқақтатты. Осыған орай, қалалық әкімдік өкілдері мен білім бөлімінің мамандары үздік шәкірттер мен ұзстаздарды ұлықтады.

Шәкірт жетістігі – мұғалімнің еңбегі. 20 жылға жуық уақытын білім беру саласына арнаған Күімжан Тілеубергенова үшін бүгін ерекше күн. Еңбегі еленіп, марапатқа ие болған білікті ұстаздың шәкірттері республикалық дәрежеде талай жылдар бойы топ жарып келеді. Білім бәйгесінде білімді ұрпақ тәрбиелеуден жалықпаған ұстаз – бұл тек менің ғана емес, жалпы ұжымның жеңісі дейді.

36 медаль. Бұл – республикалық ғылыми жобалар және оқушылар олимпиадасында қостанайлық өреңдердің қол жеткізген қомақты жетістігі. Республикалық ғылыми жобалар сайысында 3-ші орынды қаңжығасына байлаған Жанель Нұрмағамбет ұстаздар қауымына алғыстан басқа айтарым жоқ  дейді.

Білім олимпиадасында қол жеткен жеңіс мұғалімдер мен оқушылардың жылдар бойы жинаған тәжірбиесі мен ізденістерінің жемісі екендігі сөзсіз. Жалпы өңірімзде жүлдегерлердің саны жыл сайын еселенуде. Былтыр 26 медаль болса, биыл 36 медаль.

Қостанайлық үздік шәкірттер бұл нәтижемен тоқтап қалмақ емес. Ел көлемінде жүзден жүйрік атанған оқушылар алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруды көздейді. Халықаралық олимпиадаларда өңір атын асқақтатуды мақсат етіп отыр.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 334 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
20:49, 17 қыркүйек 2019
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 334 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ
20:54, 18 қыркүйек 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ҮЙРЕТУГЕ АРНАЛҒАН...
Толығырақ...
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
20:32, 16 қыркүйек 2019
2019 ЖЫЛЫ 330 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...