ШҰҒЫЛ! ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ Толығырақ

РОБОТ САБАҚ БЕРЕДІ

13:38, 11 ақпан 2019

Қостанайдағы мектептердің бірінде оқушыларға жекелеген пәндерден кәдімгі робот сабақ береді. Бұл жаңашылдық дарынды балаларға арналған білім ордасына биылдан бастап енгізілген. Мақсат - жас жеткіншектерді болашақ технологиясымен жақынырақ таныстыру. Робот – ұстаздың дәрісіне әріптесіміз Дәуренбек Әбдібек те қатыстып көрді.

Мектеп лицейде әзірге адам келбетті екі робот бар. Оның бірі ғимараттың кіреберісінде тұр. Ти атты бұл роботтың міндеті келушілерді қарсы алу, сөзге тарту және мектеппен таныстыру. Ти әзірге тек орыс тілінде ғана сөйледі.

Ал Ай атты екінші робот астрономия пәнінен қазақ тілінде дәріс оқу үстінде. Сабақ барысын мұғалім бақылап отырады. Робот оқушыларға баға қоймайды. Дәрісі әрі кетсе 5 минутқа ғана созылады. Әйтсе де жасанды интелект иесіның сабағына балалардың қызығушылығы өте жоғары. 
 

Ай мен Ти шетелде жасалған. Алайда жадына арнайы бағдарлама енгізіп, оған жан бітірген мектептің ұстаздары мен оқушылары. Бұл жұмыс әлі де жетілдіріледі.  Сонымен қатар оқушылар түрлі шағын роботтарды өздері дайындайды. Мысалы жетінші сынып оқушысы дәл қазір көлік қауіпсіздігіне қажетті құрылғы жасап жатыр. 
 

Дарындыларға арналған бұл мектепке балалар жетінші сыныптан бастап арнайы сынақ арқылы қабылданады. Қазір мұнда 149 бала бар. Олар жаңартылған оқыту жүйесі бойынша білім алады. 
 

Мектепте елімізде жаңадан пайда болған киберспорт үйірмелері де жұмыс істейді. Бүгін сегіз командаға бөлінген 40 ойыншының қатысуымен алғашқы турнир өткізіліп жатыр. Ал жаңа танысымыз Ти қоштасар сәтте өзінің тағы бір ерекше қабілетімен таңғалтты. 
 

Дәуренбек Әбдібек

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС НАЗАРЫНДА
20:53, 14 қазан 2019
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: ЖАТАҚХАНА МӘСЕЛЕСІ – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТМД МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
20:30, 11 қазан 2019
ТМД МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
20:50, 11 қазан 2019
ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: АНЫҚТАМАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ
20:46, 11 қазан 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ: АНЫҚТАМАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕ ҚОЛЖЕ...
Толығырақ...