ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

20:54, 1 қазан 2019

Қостанайлық педагогтар мен психологтар біліктіліктерін арттыруда. Осыған орай облыс орталығында 2 күндік халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізілуде. Өзекті мәселе – өрендер арасындағы өз-өзіне қол салу, яғни, суицид фактілерінің алдын алу.

Жергілікті психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері және мектеп инспекторлары осы күні оқушылар арасындағы орынсыз әрекеттердің оң шешімін тауып, суицидтың алдын алу мақсатында іске асқан жиында бас қосты. Бұл ретте қостанайлық мамандарға «Челябілік отбасы және балалық шақ» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы – Римма Литвак дәріс оқыды.

Мектеп оқушылары арасында белең алған мәселені мардымды шешу жолдарын жергілікті мамандар да алға тартты. Бұл ретте Тобыл тұрғындарына тәулік бойы тегін қызмет көрсететін психологиялық қолдау орталығының жұмыс істейтіндігі айтылды. Мұнда күйзеліске түскен кәмелет жасына толмағандар проблемаларын психологқа ашық айтып, кеңес сұрай алады. Ал, мамандар жеткіншектерді сабырға шақырып, түйкілді басқа жолмен шешуге болатынын түсіндіріп, бақытсыз жағдайларды болдырмауға барынша күш салады.

Статистика бойынша, суицид балиғат жасына толмағандар арасында белең алып барады. Әсіресе, 12-16 жас аралығындағы жеткіншектер уақытша уайымның кесірінен көз жұмып жатады, - дейді психологтар. Жыл басынан бері аймақ аумағында 6 бала өз-өзіне қол салған болса, жауапты мамандар 20-дан астам жеткіншектің «жөнсіз» жоспарларының жүзеге асуына жол бермеген.

Айдын Шайкенов

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...