ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

20:37, 22 сәуір 2019

Өткен демалыс күндері Нұр – Сұлтан қаласында Халықаралық математикалық «Зерде» олимпиадасы өтті. Оған облыс орталығындағы оқу ордалары атынан үздік шәкірттер қатысты. Екі күндік білім бәсекесінің қорытындысы бойынша, Қостанай өңірінің өрендері биіктен көрінді.

Елорда төрінде өткен екі күндік білім бәсекесіне біздің өңірден 2 мектептің үздік оқушылары қатысқан. Алғашқысы – Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат шәкірттері болса, екіншісі 24 мектеп-гимназия оқушылары.

Халықаралық олимпиадада жеткен жетістіктері үшін тек ұстаздар қауымы ғана емес, оқушылардың өздері де өте қуанышты екендерін айтады. Қостанайдың намысын қорғау үшін қолдан келгенше барымызды салдық. Үлкен дайындықпен бардық, - дейді шәкірттер.

Білімділер бәйгесіне бас-аяғы 183 оқушы қатысқан. Халықаралық деңгейде өткендіктен, өзге мемлекет шәкірттері де шақыртылған. Мысалы, Моңғолия елінің үздік өрендері де бақтарын сынаған. Алайда, аймақ шәкірттері айрықша алғырлық танытқан.

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...