ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДА КОРОНАВИРУС ТУРАЛЫ ЖАҢА САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Толығырақ

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

20:32, 18 ақпан 2020

Еліміздің ең мықты жас зерттеушілері республикалық ғылыми жобалар байқауында өз бақтарын сынады. Оған 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және республикалық білім беру ұйымдарынан 737 оқушы қатысты. Қостанай облысынан 37 оқушы бақ сынап, оның 17-сі жүлдемен оралды.

Мақсат – жаратылыстану және ғылымға қызығушылық танытқан талантты балаларға қолдау көрсету.  Бахтияр Тілеумурзин «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернатының 9-шы сынып оқушысы. Жас зерттеушінің жобасы қызығушылық туғызып, ол жүлдегерлер қатарынан көрінді.
 

Мұндай зияткерлік сайыстар бірінші кезекте оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыратынын атап өткен жөн. «Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдері» атты ғылыми жобалар байқауы 4 бағыт бойынша өткізілді.

Облысымыздың атынан байқауға қатысқан 37 баланың жобалары әр түрлі бағытта. Атап айтсақ, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және көне жәдігерлерді қалыпқа келтіру сияқты маңызды тақырыптар.  

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

320 ОРЫНҒА ЕСЕПТЕЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕП БИЫЛ ТАПСЫРЫЛАДЫ
20:22, 26 наурыз 2020
320 ОРЫНҒА ЕСЕПТЕЛГЕН ЖАҢА МЕКТЕП БИЫЛ ТАПСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар