ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН БІР АЗАМАТ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР ТАҢДАУЫ - ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯ

20:30, 18 ақпан 2020

Жасыл экономика үдерісінде жаңа технологиялардың қолданылуы заңды. Осы ретте қостанайлық оқушылар гидропоника әдісімен өсімдік өсіруді үйреніп жатыр. Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернатында былтыр гидропоника кабинеті ашылған болатын. Мұнда шәкірттер биология пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, түрлі ғылыми жарыстарға қатысуда.

Бұл - Гидропоника кабинеті. Мұндағы парталар суда өсімдік өсіруге арналған құрылғылармен жабдықталған. Мектеп шәкірттері оларды  қолдана отырып, астық  тұқымдас  дақылдар мен бау-бақша және гүлдердің түр-түрін өсіруді үйреніп жүр. Жасыл технологияға негізделген дәл осы жобаның арқасында шәкірттердің биология пәніне деген қызығушылығы да артқаны байқалады. Дильназ Омарова аз ғана уақыт ішінде  бидай, пияз өсіріп шығарды.  Болашақта бизнес жоспар жасауды мақсат етеді.

Өсімдіктердің өсу процесін  оқушылардың толықтай өздері қадағалайды. Құнарлы заттардың мөлшерін есептеп отырады.  Гидропоника кабинетінің басты артықшылығы да осы. 

Балалар биология пәні бойынша білімдерін тереңдетіп, түрлі  ғылыми жарыстарға белсене қатысуда. Және өздері өсірген гүлдермен оқу  кабинеттер мен мектеп ауласын көгалдандыруға өз үлестерін қосып жүр.

Оқушылар зертханада  өсімдіктерге дұрыс күтім жасауды үйреніп жүр. Гидропоника әдісінің тиімді екенін айтады. Өйткені, уақыт шығынын қысқартады. Болашқта шәкірттер  жасыл технология саласында өздерінің ғылыми жаңалықтарын енгізуді армандайды. Ал жаңа технологияларды ілгерілету – бүгінгі бәсекелестіктің де негізгі  өзегі екені белгілі.

Тақырып бойынша материалдар

«МЕН ҮЙДЕМІН»: ҚОСТАНАЙДА МҰҒАЛІМДЕР ЧЕЛЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
20:41, 8 сәуір 2020
«МЕН ҮЙДЕМІН»: ҚОСТАНАЙДА МҰҒАЛІМДЕР ЧЕЛЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Толығырақ...
100 мыңға жуық  бала төртінші тоқсанды интернет желісі арқылы  білім алудан бастады
20:55, 6 сәуір 2020
100 мыңға жуық бала төртінші тоқсанды интернет желісі арқыл...
Толығырақ...
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:35, 3 сәуір 2020
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар