ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

20:55, 10 наурыз 2020

Қоғамды жақсартуға бағытталған үздік идеялар қолдау табады. Тобыл қаласында әлеуметтік бастамалар мен шығармашылық жобалар сайысы жалауын желбіретті. Оған 14 мектептен 23 оқушы қатысты. Үміткерлер мәдениет, тарих тақырыбы аясында түрлі идеяларын ұсынды. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

Фариза Абатова  11- ші сыныпта оқиды. Оның сүйікті ісі –  тарихи құнды жәдігерлер жайында насихаттау.   Мұражай ісімен  айналысуға  құштар  шәкірт  өзінің арнайы жобасын да  жүзеге асырмақшы.  

Әлеуметтік бастамалар мен шығармашылық жобалар сайысы  бұл. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр. Шараның басты мақсаты - жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту. Олардың идеяларын іске асыру жағынан қолдау көрсету.    Байқауға 14 мектептен 23 оқушы қатысты.  Олардың арасынан осалын анықтау оңай емес. Өйткені, барлығы тыңғылықты дайындықпен келген.

Үздік екендерін дәлелдеген үміткерлер естелік  сыйлықтармен  марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлеуметтік бастамалар байқауында ең маңыздысы жеңімпаздарды  анықтау емес, бастысы болашақта сол идеяны  ел игілігі үшін  іске асыру. Қоғамға пайдасын тигізу. Мәні мен маңызы зор бұндай шараларды сондықтан білім бөлімінің мамандары  жиі өткізбек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...