ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

20:46, 4 қараша 2019

Облыс оқушылары білім олимпиадасынан жеңіспен оралды. 30-шы қазан мен 1 қарашада Тараз қаласында Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы өткен болатын. Білім жарысына Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатының оқушылары қатысып, жүлделі орынды еншіледі. Сайыс жеңімпаздарын бүгін сыныптастары мен ұстаздары күтіп алды.

Темір жол вокзалы. Республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының жүлдегерлерін туған- туыстары мен ұстаздары қарсы алуға әзірленіп тұр. Тобыл өңірінің талантты, дарынды оқушыларынан құралған «Ыбырай ұрпағы» командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Оның құрамында болған Гүлшат Әлімжан білім додасынан алған әсерімен бөлісті.

Биыл осымен 14 жыл ұйымдастырылған педагогикалық олимпиадаға Батыс Қазақстан, Нұр- Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысынан 10 команда қатысты. Білім додасына Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жақсы дайындықпен барды.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 1 дәрежелі дипломымен марапатталды. Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқушыларды білім жарыстарына дайындау жүйелі түрде жүргізілетінін айтады мектеп басшылығы.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...