ШҰҒЫЛ! АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ! Толығырақ

Ө. СҰЛТАНҒАЗИННІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

20:30, 17 мамыр 2019

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай, облыс орталығында келелі шаралар көптеп көрініс тапты. Оқу ордасының алаңында әйгілі ғалым Өмірзақ Сұлтанғазиннің құрметіне ескерткіш орнатылды. Тағылымдық, тәрбиелік мәні зор шараға ғалымның замандастары, туған-туысқандары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

Өмірзақ Сұлтанғазин  Қостанайдың  құнарлы  топырағынан  жаралған  қазақтың  талай ірілерінің жалғасы болатын. Ғылыми еңбектері әлемге тараған қазақтың біртуар  ғалымының есімі ел аузында қалды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80 жылдығына орай, Тобыл өңірінен шыққан  дара тұлғаның құрметіне ескерткіш орнатылды. 

Өмірзақ Сұлтанғазиннің еңбек жолы замандастарына  жақсы таныс. Ол  ғылым  жолында  тер  төкті,  математик-физик ғалым  талайды   талантымен  таңқалдырды,  еліміздің  ғылымы  үшін  баға  жетпес  істер  тындырды.  Қазақты  сыртқа  танытатын  ірілері  көп  емес.  Соның бірі де, бірегейі  де  Өмірзақ  аға  болатын. Оның  еңбектері   әлемдік    дәрежеде  мойындалды. 

Басқа  еңбегін  айтпағанның  өзінде  тәуелсіз  еліміздегі  космонавтиканың  дамуы  мен  қалыптасуы  Өмірзақ   Сұлтанғазин   есімен  тығыз байланысты.    Тәуелсіз  Қазақстан  ғылымына  орасан  үлес  қосқан  ғалымның  астықты аймақта туғаны  әр қостанайлық  үшін  мақтаныш  ұялатады. 

Осы күні оның есімі отандық ғылым  саласында алтын әріппен жазулы.

Тақырып бойынша материалдар

БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 334 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
20:49, 17 қыркүйек 2019
БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА: 334 ОРЫНДЫҚ ЖАТАҚХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
20:57, 13 қыркүйек 2019
100 ЖАСҚА ТОЛҒАН ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...
2020 ЖЫЛЫ АУЫЛДАРҒА ДЕРБЕС БЮДЖЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ
20:38, 13 қыркүйек 2019
2020 ЖЫЛЫ АУЫЛДАРҒА ДЕРБЕС БЮДЖЕТ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
20:49, 13 қыркүйек 2019
МАЛ АЗЫҒЫН ДАЙЫНДАЙТЫН ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҚҰРАСТЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...