ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

20:41, 4 қазан 2019

Ұстаз – білім беру ісінің алтын қазығы. "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы да мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты жиында білім беру саласында көп жылдар бойы еңбек еткен және өз жұмыстарында белсенділік танытқан педагогтар алғыс хаттармен марапатталды.

Отандық білім беру жүйесін дамытуда ұстаздардың еткен еңбегі қашанда зор. Бәсекеге қабілетті маман , туған елге абыройлы қызмет атқаратын азамат қалыптастыру – педагогтың әлеуетіне, біліктілігіне байланысты. Ұлағатты мамандық иелеріне арналған салтанатты жиында "Nur Otan" партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзмебаев мұғалімдер қауымын төл мерекелерімен құттықтады.

Сәндина Қазман – ұстаздардың төл мерекесіне орайластырлған бүгінгі салтанаты жиынның мейманы. Ұстаз болу- оның бала кездегі арманы екен. Жас маман Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында ағылшын тілінен сабақ береді.

55 жыл ұстаздық қызмет атқарған Надежда Волосян да бүгінгі кештің құрметті қонағы. Қостанай қаласы № 2 мектеп – лицейінде Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғілімі болып еңбек етуде.

Салтанатты жиында ұстаздар қауымына жылы лебіздер айтылды. Және партияның барлық басталамаларын нәтижелі орындауда салмақты үлес қосып келе жатқаны да назардан тыс қалмады. Өз жұмыстарында белсенділік танытқан ұстаздар алғыс хат тармен марапатталды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:33, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:43, 18 қазан 2019
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...