ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

НӘЗІК ЖАНДАР ӨЗІН-ӨЗІ ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРМЕК

18:12, 17 сәуір 2019

Әйелдердің қолынан бәрі де келеді. Соның ішінде, өзін-өзі қорғай білу. 2 қостанайлық студент АҚШ елшілігінің грантын ұтып алып, нәзік жандарға арнап өзін-өзі қорғау негіздерін үйрететін семинар ұйымдастырған. Өздеріне қорған бола білу үшін жобаға қатысуға ниет білдірген қостанайлық қыз-келіншектердің қатары артқан. Семинар шеңберінде бұрымдылар психологиялық әдістер мен қоян-қолтық ұрыстың қыр-сырын меңгермекші. Ол үшін ҚМПУ-нің кәсіби жаттықтырушылары жұмылдырылып отыр. Неліктен жоба өзін-өзі қорғауға арналған? Тілші баяндайды.

Виктория Острянина мен Аружан Темірбекова – Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ 1- курс студенттері. Олар болашақ көшбасшыларды дайындайтын «Флекс» бағдарламасына қатысып, 9 ай Америкада оқып келген. Қостанайға келісімен АҚШ елшілігі қаржыландыруы ықтимал жоба әзірлеген. Тақырыбы – әйелдердің өзін-өзі қорғауы.

Бірер ай көлемінде әзір болған жоба мұхит асып, тиісті адамдардың қолына тиеді. Көп кешікпестен, жағымды жаңалық келіп жетеді. АҚШ елшілігі қос қыздың қолға алған ісін қаржыландыруға дайын екендерін айтады. Ал, жергілікті аумақта жобаға қатысуға ниетті нәзік жандарды табу ешбір қиын болмаған. 50 бұрымды өз еріктермен өтініш білдірген екен. Енді олармен кәсіби бапкерлер жұмыс істейді.

Еліміз бойынша АҚШ елшілігінің грантын алты ЖОО ұтып алған. Әртүрлі бағыттағы бес жоба солтүстік өңірлердің студенттеріне тиесілі болса, біреуін түстік жастары жүзеге асырмақ.  

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...