
Болашақ 7-ші сынып оқушыларын физика-математикалық бағытта тереңдетіп оқытуға мүмкіндік беріліп отыр. Ол үшін облыс орталығындағы «Назарбаев 3ияткерлік мектебінің» шәкірті атану шарт. Осы ретте аталған білім беру мекемесінде құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.
2021-2022 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-ші сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жарияланды. Осыған орай облыстың 6-шы сыныпты аяқтайтын барлық оқушыларынан құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр.
Қабылдау комиссиясына келу үшін арнайы брондау жүйесін пайдалануға болады. Яғни үміткерлер онлайн кезекке тіркеліп, таңдаған күні мен уақытта мектепке құжаттарын тапсыра алады. Ол үшін мына нұсқаулықтарды орындау керек.
Талапкерлердің құжаттары 2020-шы жылдың 2-ші жетоқсанынан 2021-ші жылдың 23- қаңтарына дейін жалғасады. Ал оқушылардың білім деңгейлерін бағамдайтын конкурс алдағы жылдың наурыз айында өтеді.