ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІ КӨТЕРІЛЕДІ

20:31, 19 қыркүйек 2019

Мұғалімдерді жұмысқа жеккендер енді жауапқа тартылады. Оларға 50 мың 540 теңгеден 303 мың теңгеге дейін айыппұл төлеу міндеттеледі. Мұғалім мәртебесін көтеретін заң жобасының таныстырылымы Мәжілісте өтті. «Мектеп директоры болсын, әкімшіліктер болсын, ұстаздарды өзіне тиісті емес жұмысқа салғандар заң алдында жауап береді»,-деді білім және ғылым министрі. Сондай-ақ материалдық негізгі ынталандыру ретінде сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі еселеген төлем болмақ. Педагог шеберлігі үшін қосымша ақы ескерілген. Мұнымен қоса, тәлемгерлік үшін де үстемеақы енгізілмек. Мәселен, жас маман мектепке орналасса, оған еңбек өтілі бар ұстаз - тәлімгер тағайындалады, өз тәжірибесімен бөліседі, жұмыстың қыр-сырын үйретеді. Магистр дәрежесі бар мамандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 25270 теңге қосымша ақы қарастырылған. Білім саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру үшін 3 жылдың ішінде 1 миллиардтан астам қаржы қарастырылды.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:33, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:43, 18 қазан 2019
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...