ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОСТАНАЙДА 29 ТҰРҒЫН ҮЙ ТАПСЫРЫЛАДЫ Толығырақ

«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

20:40, 7 қараша 2018

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция өтті. Қостанайда да осыған орай іс-шара ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Мақсат – тіл мәртебесін арттыру. Оған этно – мәдени бірлестіктер белсене атсалысты.

Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені. Қазақ елінде ынтымағы жарасқан 140-тан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді.

Бүгінде Қазақстанды мекен еткен өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге зейін қойып, қазақша еркін сөйлеуді мақсат етеді. Кирилл Пономарев, қазақ тілін   жетік білетіндер қатарында. Қазақтың ортасында туып-өскеннен жаным да, тәнім де қазақ деп соғып тұрады дейді ол. Сондай-ақ Кирилл қазіргі таңда қаламыздың оқу орындарының бірінде «қазақ тілі және әдебиет» пәні мұғалімі мамандығына оқуда.

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысушылардың сөзінше, тіл үйренуде ешқандай қиындық жоқ. Тек меңгергісі келетін кез-келген адам ниеттенсе болғаны. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуі, ана тілін білмейтін жастарға ой салса екен дейді.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
20:46, 9 қараша 2018
«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар