ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН 2 АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ҚАЙТАДАН ШТАТТЫҚ РЕЖИМГЕ КӨШТІ

20:03, 11 қаңтар 2021

Биылғы оқу жылының үшінші тоқсанында штаттық режимде жұмыс істейтін мектептердің саны артты. Алайда, дәстүрлі оқытуға барлық дерлік оқу ордалары оралған жоқ. Тек адам саны үш жүзден аспайтын білім беру мекемелері ғана қайтадан үйреншікті үлгіге көшті. Солардың бірі – Қостанай қаласындағы №25-ші негізгі жалпы білім беретін мектеп.

Бұл білім ошағында 220 бала оқиды. Қабылданған жаңа қаулыға байланысты саны 300 оқушыдан аспайтын осындай мектептердің штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр. Бірақ, бұл реттегі ең басты талап – санитарлық ережелердің қатаң сақталуы.

Мектеп басшылығы баяндағандай, оқу ошағында карантин талаптары қатаң түрде сақталады. Егер оқушының дене қызуы көтерілсе, оны шұғыл түрде ата-анасына хабарлап, алдағы уақытта іске асырылатын шаралар белгіленеді. Бұл реттегі ең басты қағида – маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

Жаңа тоқсанның тағы бір жаңалығы – әр сыныптың жеке сабақ кестесі бекітілетін болады. Сондай-ақ, қоңырау да әр сыныпқа арналып соғыылады. Бұл вирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында орындалып жатқан шаралар екенін ескертті мектеп директоры.

Тақырып бойынша материалдар

КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР. САНИТАРЛЫҚ  ЕРЕЖЕЛЕР  САҚТАЛҒАН БА?
20:58, 19 қаңтар 2021
КЕЗЕКШІ СЫНЫПТАР. САНИТАРЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР САҚТАЛҒАН БА?
Толығырақ...
COVID- 19:  5-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШТІ
20:35, 18 қаңтар 2021
COVID- 19: 5-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚУҒА КӨШТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:36, 14 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕНДЕР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...