ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

МЕКТЕПТЕГІ МҰРАЖАЙЛАР МҮМКІНДІГІ

20:56, 23 қазан 2019

«Мұражайлық педагогика – инновациялық педагогикалық технология, жалпы мәдени құзіреттілік тұлғаны дамытушы». Осындай тақырыппен Қостанайда облыстық семинар өтті. Басқосудың басты мақсаты – қала тарихын тереңдетіп оқыту, сонымен қатар, оқушыларға өз өлкесі туралы мағлұматтар беру.

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында психологиялық қолдау және қосымша білім беру аймақтық орталығы мектеп мұражайының қызметін танымал ету бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізуде. Семинарға келген мамандардың да басты мақсаты осы.

Семинарға облыстың 16 аймағынан мектеп мұражайларының жетекшілері қатысты.Олар өзара тәжірбие алмасып, өлкетану оқу материалын беру және ұйымдастырудың тиімді жақтары жайлы өз ойларын ортаға салды.Мамандардың айтуы бойынша мұражайдың оқушылар үшін берері мол.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қалалар мен аудандардағы тарихи-өлкетану қызметі едәуір күшейді. Бұл жолы қалалық және облыстық музейлердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, тарихи жәдігерлерді қалай іріктеп, қалай ұйымдастыруға болатыны жайлы, сонымен қатар тақырыптық көрмелерді ұйымдастыру жайын талқылады.

Самат Ерсайын

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...