ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

20:46, 10 қазан 2019

Құрылыстың қарқын ал түскені қуантады, әрине, бірақ қаншалықты сапалы? Қостанайдағы жаңадан салынған нысандар Қоғамдық кеңестің қатаң бақылауында. Жақында пайдалануға берілген №29 мектепке барған кеңес мүшелері осылай деді.

«Әуежай» шағын ауданында бой көтерген бұл нысанның құрылысы 2017 жылы басталып, ағымдағы жылы қолданысқа берілген. 2 қабатты білім ошағының жалпы құрылыс құны – 1 млн 735 мың теңге. Ал, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы – 163 мың теңге. Небәрі 1,5 жылдың ішінде салынған нысанның сапасына қатысты сын айтылған көрінеді. Білім ордасында қазіргі таңда 840-қа жуық оқушы бар. Оларды сапалы біліммен 60-тан астам маман қамтамасыз етіп отыр. Заманауи техникамен жабдықталған жаңа білім ордасы толықтай заманға сай етіп салынған.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің айтуынша осыдан бір ай бұрын нөмірі 29-шы мектептің құрылыс сапасы жұмсалған қаражатқа сай емес деген хат келіп түскен. Мамандар кемшіліктерді анықтап, ұсыныстар жасауда.

Қоғамдық кеңес сүзгісінен өткен білім ошағында әзірге кінәрат жоқ. Дегенмен, тескеріске білек сыбана қоғамдық кеңес мүшелері қойылған талаптардың орындалу барысын тексеру әлі де жалғасатынын жеткізді.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...