ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА ЕКІ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ БІРІГЕДІ

20:51, 1 қазан 2019

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті бірігетін болды. Бұл туралы ҚМПУ ректоры Еркін Әбіл мәлім етті. Әзірге бұл аталған оқу орындар жеке дара жұмыс істеуде. Жаңа реформа үкімет қаулысы шыққан кейін қолданысқа енгізіледі. Бірігу нәтижесінде біріншіден білім беру сапасының жақсартынын айтады сала мамандары.

Оқу орындарын біріктіру үрдісі - мемлекет басшысының жоғары оқу орындарын ірілендіру саясаты аясында қолға алынған бастама. Реформаның негізгі мақсаты- білім сапасын жақсарту. Осылайша білім ошағының ғылыми кадрлық әлеуетін арттыру көзделген.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде бүгінгі күні 3 мың студент болса, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқып жүрген жүрген шәкірттердің саны 4 мыңнан асады. Алайда, Еуропадағы жоғары оқу орындарында студенттердің саны бұдан бірнеше есе жоғары. Шетелдік университеттерде материалдық техникалық базасы мен зертханалық жабдықтар талапқа сай. Оқу сапасы да жоғары. Оқу орындарын оңтайландырудың артықшылығы көп. Университеттердің материалдық интеллектуалдық және инновациялық ресурстарын жақсартпақ.

Екі оқу орнын біріктіру жөнінде әзірге үкімет қаулысы шыққан жоқ. Оңтайландыру үрдісі біздің өңірден бөлек, Тараз және Шымкент қаласында жүзеге асып жатыр. Бұл аймақтарда көпсалалық және педагогикалық университеттер бірігеді. Жаңа реформа оқытушы құрамына еш кері әсерін тигізбейтінін айтады мамандар. Жұмысшыларды қысқартуға жолы берілмейді. Педагогтардың жалақысы көтеріледі.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...