ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАҒЫ БІР АПТАҒА СОЗЫЛАДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙДА 7 МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖАСАЛУДА

20:26, 27 қазан 2020

Қостанай қаласында білім беру нысандары мен балабақшаларды жөндеу жұмыстары ретке келтіріліп жатыр. Биыл 7 мектеп күрделі жөндеуді толықтай тәмәмдамақ. Нысандарды қалыпқа келтіруге қаражат «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде бөлінген. Білім мекемелерінің іші жаңарып, кабинеттер су жаңа жиһаздармен жабдықталып жатыр. Және де жылу, су жүйелері жаңартылуда. Білім саласындағы мұндай игілікті істерге ата-аналар да дән риза.

Әрлеу жұмыстары жүріп жатқан № 4 – ші орта мектеп бұл. Барлық есіктер ауыстырылып, жаңа төсеніштер төселуде. Сыныптардың жиһаздары жаңартылып, көрнекілік тақталар мен пластикалық әйнектер  орнатылды. Жөндеу  барысында электр сымдары ,  кәріз желілері қалыпқа келтірілді. Ауладағы абаттандыру шаралары тиісті стандартқа сай жүргізіліп, оқушылардың жас ерекшелігіне орайластырылып жабдықталмақ. 

Іргетасы  алғаш  1968 жылы қаланған облыс орталығындағы  нөмірі 6- шы мектепте жөндеуден кейін жаңарып қалмақ. Білім ошағы ішіндегі құрылыс жұмыстары қараша  айының аяғына қарай  тәмәмдалмақ. Биыл мұнда  570 - ке  жуық бала білім алатын болады. Мектептің шатыры жаңартылып, жылу жүйесі қалыпқа келтірілді. Нысанға бейнекамералар орнатылды.

Қостанай қаласында  мектептер жөнделіп, жаңа бала-бақшалар салынуда.   Сәулеті мен  ғимараты  жаңарған  нысандар   шәкірттердің сапалы білім алуына негіз болмақ.    Болашақ ұрпақ тәрбиесіне бағытталған мұндай игілікті істерге ата -аналар дән риза.

№ 19  - шы  орта мектептің де ішкі және сыртқы келбеті  жаңарытылып жатыр. Ғимараттың  қазығы қағылғанына  биыл 50  жыл толды. Жөндеу  жұмыстары мұнда мамыр айында басталды. Пластикалық терезелер орнатылып, канализация жүйесі жаңартылды. 

Облыс орталығында  білім мекемелерін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары  оңтайлы жүргізілуде. Биыл Қостанайда 7  мектеп пен бір балабақша мемлекеттік бағдарламаның көмігімен күрделі жөндеуден өтті. Сыныптардың іші су жаңа жиһаздармен жабдықталып, компьютерлік технологиямен қамтылған. Келбеті жаңарған білім ордаларының қатары келер жылы да толығатын болады. Бұл бірінші кезекте  білім сапасын арттыруға септігін тигізбек. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

22 МЫҢ ОҚУШЫ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ӘДІСІМЕН БІЛІМ АЛАДЫ
20:30, 12 қараша 2020
22 МЫҢ ОҚУШЫ ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ӘДІСІМЕН БІЛІМ АЛАДЫ
Толығырақ...
МЕКТЕПТЕРГЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:43, 11 қараша 2020
МЕКТЕПТЕРГЕ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ НОУТБУК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
17:32, 26 қараша 2020
ОБЛЫСТАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ОҢ ДИНАМИКАҒА ИЕ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР ЖАЛҒАСЫ
20:55, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАСЫ ТАБЫСТЫ РЕФОРМАЛАР...
Толығырақ...