ШҰҒЫЛ! «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ЖОБАСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Кітапханалар жүйесі цифрландырылуда

18:15, 13 ақпан 2018

Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада да цифрландыру шаралары жетілдірілуде. Қор сақтау бөлімі қызметкерлері 17 атау бойынша облыстық газеттерді электронды форматқа көшірді. Олар 40-шы және 60-шы жылдардың аралығын қамтиды. Айтуларынша, қорда бүгінгі күнге дейін 13 мың 731 бет мәлімет цифрлы түрде сақталған.

Бүгінгі түрлі заманауи технологиялардың: смартфондар мен гаджеттердің дәурені дүркіреп тұрған 21-ші ғасырда кітапханаға келушілер санының сирегендігі жасырын емес. Сондықтан, қазына қоймасының қызметін заманға сай жетілдіру маңызды міндет. Әсіресе, цифрлы жүйеге көшу кітапханалар жүйесінде зор мәнге ие. Электронды форматта қызмет көрсетуді мекеме өкілдері 2010-шы жылдан бастап қолға алған.

2010-шы жылдан бастап кітапхананың қор сақтау бөлімімен соғыс жылдарындағы жергілікті газеттер сандық форматқа көшті. Мысалы, «Сталинский путь», «Большевиктік жол» және «Путь Ильича» сияқты аудандық баспасөз беттері кітапхана қорына енгізілген.

Кітаптар мен газет-журналдарды электронды форматқа көшіру арқылы өте сирек кездесетін ескі материалдардың жойылу қауіпі азаяды. Цифрлы нұсқада сақталғандықтан, оқырман өзіне керекті деректерді ғаламтор арқылы жедел түрде таба алады. Осылайша, аз уақыт аралығында кез келген кісі өлкеміздің тереңде жатқан тарихына қанығады, - дейді көне мәліметтерді көздерінің қарашығындай сақтаған кітапханашылар.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
20:40, 24 мамыр 2018
БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
20:35, 23 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯҒА ҚАДАМ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
20:43, 18 мамыр 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «КІТАПХАНА КҮНДЕРІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...