ШҰҒЫЛ! СПАРТАКИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ Толығырақ

Қазақстан – Түркия. Білім саласындағы әріптестік

20:36, 10 қазан 2017

Білім саласындағы әріптестік. Түркия Республикасы телекоммуникациялар министрлігі Қостанайдағы Зұлқарнай Алдамжар атындағы университетпен бірлескен жобаны жүзеге асырмақ. Аталмыш министрліктің ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Мұстафа Кемал оқу ордасының ұжымымен кездесіп, осы бағытта пікір алмасты. Техникалық оқыту базасымен, зертханаларда орналастырылған заманауи құрылғылармен танысты.

Ғылым және білім саласындағы Түркия мен Қазақстан арасындағы әріптестік жылдан-жылға нығайып келеді. Қос тарап оқу жүйесінің тиімділігін арттырып, сапалы кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулер деңгейін көтеруге әрқашанда ынталы. Бұл ретте Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің қосып отырған үлесі аз емес. Сондықтан жоғары оқу орнының білім беру жүйесі түркиялық мейманның қызығушылығын тудырғаны кездейсоқ емес.

Қостанай әлеуметтік университеті расында тарихы бай оқу ордалардың бірі. Мұнда студенттің сапалы білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Әсіресе, теория мен практиканы ұштастыруға баса мән беріледі. Мамандарды дайындауға оқу орнымен бірге кадрларға тапсырыс беруші кәсіпорындар да атсалысады.  

Кездесу барысында көптеген келелі ойлар айтылып, түркиялық қонақ тарапынан бірқатар ұтымды ұсыныстар білдірілді.

Тақырып бойынша материалдар

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА  20 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:00, 13 шілде 2018
ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРҒА 20 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:48, 3 шілде 2018
БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА – АНАЛИТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
20:30, 29 маусым 2018
ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА – АНАЛИТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ  ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН  АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
09:00, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ӨҢІР ТҰРҒЫНДАРЫН АСТАН...
Толығырақ...
К. ӘБДІРАХМАНОВА  «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
09:26, 12 шілде 2018
К. ӘБДІРАХМАНОВА «АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...