ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ

20:35, 3 сәуір 2020

Төртінші тоқсанның бастаулына санаулы күндер қалды. Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты ол биыл электронды формат аясында іске асатыны аян. 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында шәкірттер қашықтықтан оқыту жүйесі аясында білім алады. Бұл туралы облыс әкімдігінің селекторлық кеңесінде Білім басқармасының басшысы мәлім етті.

Жауапты мекеме басшысы карантин кезінде оқу үрдісін ұйымдастыру шараларына тоқталды. Айтуына қарағанда, қашықтықтан оқытудың алғашқы сынама сабақтары 1 сәуірден бастап енгізілген.  Ұстаздар, шәкірттер мен ата – аналар қазір ақпараттық жүйенің қыр-  сырын меңгеруде. Техникалық ақаулар тексеріліп, жылдам интернет желісін  іске қосуда.

Ол үшін  мектеп оқушылары  мен ұстаздар қауымын қажетті техникамен қамтамасыз ету ерекше бақылауда.  Білім саласының мамандары осылай деп отыр. Мобильді байланыс жүйелері  сматрфон  мен  электронды пошталар арқылы  сабақ түсіндіріліп, тапсырмалар берілмек. 

Қашықтықтан оқыту жүйесін ойдағыдай іске асыру үшін тиісті жағдай жасалуы керек. Осы ретте мектептердегі 5 мыңдай  компьютер   оқушылар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға берілмек.  

Сол сияқты, қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы да электронды формат аясында ұйымдастырылатын болады.    

Тақырып бойынша материалдар

№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП  ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
20:39, 20 мамыр 2020
№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...