ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТЕДІ

20:35, 31 наурыз 2020

6-шы сәуірден оқу жылының төртінші тоқсаны басталып, 22-мамырға дейін жалғасады. Елімізде коронавирустық инфекциядан қорғану іс-шараларын күшейту үшін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оқушылардың барлығы қашықтықтан оқытуға көшіріледі. Бұл жайында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім саласының мамандары мәлімдеді.

Биылғы оқу жылының 4-тоқсанында мектеп оқушылары қашықтықтан оқытылады  

Алайда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 26- наурыздағы отырыс шешімімен аудан орталықтарынан алыс орналасқан 80 адамға дейінгі оқушылары бар шалғайдағы ауыл мектептері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде оқитын болады.

Қашықтықтан оқытудағы басты мәселе – интернетпен қамтамасыз ету. Мектепте интернет мүлдем болмаған жағдайда қашықтықтан оқыту оф-лайн форматында құрылады, онда сабаққа бейнероликтер мен презентациялар, тапсырмалар белгіленген мерзімге санитарлық нормаларды сақтай отырып, флеш-тасығыштар арқылы берілуі мүмкін. Әрбір мектеп, әрбір педагог ұсыныстарды басшылыққа ала отырып және қолда бар ресурстарды ескере келе, оқу үдерісін құратын болады.

Қашықтықтан оқытудың бірі - теледидар арқылы берілетін сабақтар. Басты пәндер бойынша жаңа тақырыптарды түсіндіріп және бекіте отырып, 10 минуттық бейнесабақтар мемлекеттік тілде оқитын оқушылар үшін «Балапан» арнасында, орыс тілінде оқитын шәкірттерге «Ел-арна» телеарнасында таратылатын болады. Қосымша пәндер бойынша бейнесабақтар кестесі алдағы күндері әрбір оқушы мен ата-ананың назарына жеткізіледі.

Тақырып бойынша материалдар

№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП  ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
20:39, 20 мамыр 2020
№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...