ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫНБЫЗ?

20:40, 2 сәуір 2020

Елімізде мектеп оқущыларын қашықтан оқытудың сынама сабағы өткізілді. Қостанай облысында 100 мыңнан астам бала төртінші тоқсанда интернет желісі арқылы білім алатын болады. Ал шалғай ауылдардағы, шағын жинақты кейбір мектептер бұрыңғыдай жұмыстарын жалғастыра береді. Қашықтан оқытудың қыр-сырын тілшіміз тарқатып айтады.

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Айгүл Бірімжанова интернет арқылы оқушылармен байланысқа шығып, қашықтан оқытудың әдіс-тәсілдерін пысықтауда.

Қашықтан оқыту- «Балапан», «Еларна» телеарналары, бірнеше электронды бағдарламалар, телефондағы мессенжерлер арқылы жүзеге асырылады. Жаңа оқу жүйесінің шарт-талабын жете түсіне қоймаса да, балалардың қызығушылығы бар. 

Бірақ қашықтан оқуға бәрі бірден көшпейді. Облыстың шағын ауылдарындағы 224 мектеп жұмыстарын бұрыңғыша жалғастыра береді. Оларда 7 жарым мыңға жуық бала бар. Бұл мекемелерде санитарлық талап қатаң сақталатын болады. Сондай-ақ интернеті мүлде жоқ елді мекендерде электронды тасымалдағыштар мен кәдімгі пошта жүйесі қолданылады.

Облыс бойынша 4,5 мың оқушының үйлерінде компютер жоқ. Бұл мәселе апта соңына дейін шешіледі-дейді білім басқармасындағылар. Мектептерден 5 жарым мың компютер  уақытша пайдалануға беріледі. Сондай-ақ интернет желісін кеңейту мәселесі қаралып жатыр. Қысқасы бірде-бір бала оқу бағдарламасынан тыс қалмайды-деп сендіріп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП  ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
20:39, 20 мамыр 2020
№17-ШІ ОРТА МЕКТЕП ТАМЫЗ АЙЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...