ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ҚАЛАМГЕРМЕН КЕЗДЕСУ

20:47, 30 қазан 2019

Қостанай облысында 11 ғылым докторы шыққан мектеп бар. Қазақстанның өзге өңірлеріндегі кез келген білім ошағы мұндай жетістігімен мақтана алмайды. Сарыкөл ауданындағы Қараоба мектебінде кездесу өткізген ардагер журналист Қажы Қорғанұлы осылай дейді. Ол облыс аудандары мен қалаларындағы озық дәстүрі бар мектептер, ұстаздар әулеті, үздік әдістемелерімен танылған мұғалімдер жайында жинақ құрастырып шығарған еді. Жылы жүздесуде қаламгер еңбегінің ерекшеліктеріне тоқталып, жерлестеріне тұлғалар тағылымы туралы әңгімелеп берді.

Жинақ «Қалдырған ізің мәңгілік» деп аталады. Автордың Тобыл-Торғай өңіріндегі мектептерден түлеп ұшқан белгілі қайраткерлер мен ғалымдар, майталмандар жайлы естеліктері оқырманын бейжай қалдырмасы анық. Қоғам қайраткері Ілияс Ома­ров, әйгілі мүсінші Кәкімжан Нау­рызбаев, белгілі ғалым-ұстаз Әбіл­файыз Ыдырысов және тағы басқа тұлғалар туралы деректі жазбалардың жас ұрпақ үшін берері мол.

Ұстаздар мен мектептер шежіресі жинақталған кітапта бірнеше ғалым оқыған Қараоба мектебінің жетістігі де кеңінен баяндалады.

Білім ошағында өткен кездесуде ардагер журналист тұлғалардың ел үшін еткен еңбектері жөнінде әңгімелеп, өзінің көрген-түйгенімен бөлісті. Қазіргі таңда Қараоба мектебінде қырыққа жуық бала білім алып жатыр.

Аслан Қанғожин

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...