ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРДЫ ҰЛЫҚТАДЫ

20:37, 4 қазан 2019

Қостанай қаласы бойынша білім саласы биыл 175 жас маманмен толықты. Мектептер жөнделіп, жаңа балабақшалар пайдалануға берілді. Мұғалімдер күні мерекесіне арналған салтанатты жиында шаһар басшысы Қайрат Ахметов осылай деді. Бүгін «Мирас» мәдениет үйінде саланың үздіктері марапатталды.

Ұстаз – шәкіртімен мәңгі мәуелі. Мына отырған мәртебелі меймандар – бір әулеттен он жеті педагог шыққан Әбдіқасымовтар отбасы. Аманатқа адалдық деп осыны айтар. Ғұмырын білім бері саласына арнаған династияның жалпы еңбек өтілімі – 104 жыл. Ғалия апай өзінің ұстаздық еңбегі арқылы көптеген жастардың өмірден өз орнын табуға көмектескен. Қазір оның шәкірттері еліміздің түкір-түкпірінде әр түрлі салада абыройлы еңбек етуде. Саналы ғұмырында жас өрендерге білгенін үйретуден жалықпаған үлкен әулет бүгін «Үздік еңбек династиясы» марапатына ие болды.

Он жылға жуық ғұмырын білім беру саласына арнаған Инна Яковец педагог болуды кішкентай кезінен армандағанын айтады. Ғұмырын қиын да, қызығы мол мамандыққа арнаған ұлғатты ұстаз бүгін «Үздік педагог» байқауының Гран-при иегері атанды.

Отандық білім беру жүйесінде толағай табыстар көп. Биылдың өзінде білім беру саласы 175 жас мамандармен толықты. Білімнің жолбасшысы, шәкірттің қолбасшысы деген зор мәртебеге ие оқытушыларды Отан көлемінде аталып өтілетін айтулы мерекелерімен қала әкімі құттықтап, оларға жүктелетін жауапкершіліктің салмағын сөз етті.

Ұстаз еңбегі қашанда өлшеусіз. Сара болып туған ғалымдар, дара болып туған дарындар, асыл боп туған ақындар, алып боп туған батырлар – бәрі-бәрі ұстазынан үйренеді. Ендеше, ерекше болмысты, ең асыл мінезді, білім беру саласының мамандары, төл мерекелеріңіз құтты болсын.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
20:33, 15 қаңтар 2020
ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
20:28, 10 қаңтар 2020
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар