ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

«JAS OTAN» ДЕБАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТАТЫН БОЛАДЫ

21:03, 3 қазан 2019

«JAS OTAN» жастар қанаты аймақтағы пікірсайыс қозғалысын дамытуды қолға алды. Бүгінгі таңда университеттерде жеке клубтар құрылды. Олар кейінгі толқын өкілдерін, соның ішінде ауыл жастарын да осы жобаға жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Шешендік өнер, заманауи әлемнің мәселелерін ортаға салып талқылау. Дебат турнирлерінің қатысушысы бүгінде осы қасиеттерге ие болуы керек. Қорлан бүгінгі таңда «Ахмет ұрпақтары» дебат клубындағы ағылшын лигасының бағыттаушысы. Оқып жатқан оқу орнында бұл дебат клубы 13 жыл бойы жұмыс жасап келеді.

Жақында ғана Қостанай облысының командасы республикалық дебаттық турнирге қатысып, ширек финалға дейін жетті. Осы жылдан бастап дебаттық қозғалысты "JAS OTAN" жастар қанатында дамытуға және қолдауға ниетті.

Дебатшылардың бүгінгі таңдағы басты қажеттілігі - бұл ауқымды турнирлер өткізілетін орындар, сондай-ақ ұлттық және халықаралық турнирлерге қатысуға қаржылық қолдау. Тек осылай тәжірибе алмаса отырып қана, кез келген өзекті тақырыптарда үнемі шеберлік шыңдауға болады.

Айдос Қызыринов

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
20:33, 21 қазан 2019
БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
Толығырақ...
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:43, 18 қазан 2019
БІЛІКТІ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...