ШҰҒЫЛ! Ауданның аты өзгереді Толығырақ

ІТ СЫНЫПТАРЫНЫҢ САНЫН АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

20:42, 7 ақпан 2019

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты «Балаларға арналған тегін ІТ-сыныптар» атты ауқымды партиялық жобаны жүзеге асыруда. Осы ретте ел мұғалімдері әлемдік деңгейдегі ІТ-мектептерінің ұстаздарымен телекөпір арқылы тәжірибе алмасты. Отандық білім беру жүйесін дамытуды діттеген, 14 облыс оқытушыларын толық қамтыған бейнебайланысқа тілшіміз куә болып қайтты

Ұлы дала елінен Ұлыбританияға дейін. Әлемнің үздік ІТ-мектептерінің ұстаздары  біздің елдің тәлімгерлерімен тәжірибе алмасу үшін телекөпір арқылы байланысқа шықты. Бұл реттегі басты тақырып – жаңа өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал сапасы. Тобыл ұстаздарының айтуынша, оқыту жүйесіне шетелдік тәжірибелерді енгізбей, шәкірттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қиын. Сондықтан, партиялықтар ортақ іске мұрындық болуда.

Дамыған мемлекеттердің тәжірибесін негізге алған Қазақстан білім беру саласын цифрландыруға көптеп көңіл бөле бастады. Ақпараттық технологиялар саналы да сауатты  ұрпақ тәрбиелеуге жол ашады. Бүгінде аймағымыздың барлық мектебі бірыңғай сандық жүйеге қосылған. Нәтижесінде шәкірттер құлтемір құрастыру негіздерін меңгеріп келеді. Білім беру саласында электронды технологияларды қолдану жөнінен Қостанай өңірі еліміз бойынша 2-ші орынға жайғасқан.

Бүгінгі заман технология дәуірі дегенге ешкім ешқандай талас тудырмайды. Күллі ғаламның компьютер құдіретіне бас ұратындығы жасырын емес. Демек, уақыт талабы да сол болып тұр. Өркениет ағымынан қалыс қалмауды өзекті мәселе еткен Елбасы өзінің әр Жолдауында өскелең ұрпақтың технология тілін меңгеруін міндеттеп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА 916 ОҚУШЫ ОРТА БІЛІМ ОРДАСЫН АЯҚТАДЫ
20:17, 27 мамыр 2019
ҚОСТАНАЙДА 916 ОҚУШЫ ОРТА БІЛІМ ОРДАСЫН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...