ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ІТ-ОЛИМПИАДАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

20:51, 24 қазан 2019

Қостанай құрылыс колледжінің студенті Максим Рюмин халықаралық ай-ти олимпиададан жүлдемен оралды. Ақпараттық технологиялар саласындағы «ІТ-ғаламшар» байқауы Мәскеу қаласында өткен болатын. Аталған жарысқа ТМД елдерінен 450 үміткер қатысқан. Солардың ішінен суырылып шығып, қостанайлық студент өз қанжығасына қос бірдей жүлде байлап қайтты.

Максим Рюминнің есімі қостанайлықтарға жақсы таныс. Ол өзін бірнеше байқауға қатысу арқылы оң қырынан көрсете білген. 18 жасында республикалық ІТ технологиялар жарысында бас жүлдені жеңіп алып, аймақтың «Алтын жастары» кітабына енген талантты студент. Жеткен жетістіктеріне тоқмейілсімеген жас өнертапқыш жуырда тағы да көлемді байқауда бағын сынап қайтты. Мәскеуде өткен «ІТ-ғаламшар» жарысында робототехника аталымы бойынша 3-орын, «Шектелмеген мүмкіндіктер» номинациясы бойынша 2-орын иегері атанып қайтты. Жүлделі 2-ші орынды ол кембағал кісілерге арналған бағдарламасы арқылы жеңіп алған.

Соңғы уақытта студенттердің ақпараттық технологияларға деген қызығушылығы артқан. Себебі, олар өз жобаларын іске асырып, қоғамға қажетті екеніне көз жеткізіп жүр. Сондықтан да, біз студекнттерге қолдан келгенше көмектесуге тырысамыз, дейді колледж мұғалімдері.

Мәскеуден мол марапат алып қайтқан максим алда әлі талай жобаларды жүзеге асыратынын айтады. Байқау барысында ол бірнеше бірегей жұмыстарға куә болған. Көбі қоғамға қажетті дүниелер. Өзге мемлекетте қолданысқа еніп жатқан жарқын жобаларды ол елімізде іске асырғысы келеді.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...