ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

IQ-DODA: ЖАҢА МАУСЫМДА ӨЗ ЖЕҢІМПАЗЫН ІЗДЕЙДІ

21:12, 3 қыркүйек 2019

«IQ-DODA » зияткерлік ойыны арнамыздан өткен маусымда эфирге шығып, көрермен көңілінен шыққан еді. Ең бастысы жеңімпаз Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Аталмыш жоба жаңа маусымда да өз жалғасын таппақ.

Қыркүйек айы басталысымен оқушылар мектепке баратыны баршамызға мәлім. Сондай-ақ дәл осы айда 11 сыныптарды өз білімін дәлелдеу үшін «Қостанай» арнасы шақырады. Жаңа маусымда «IQ-DODA » зияткерлік ойыны өзінің жаңа жеңімпазын іздейді. Еске сала кетейік, өткен маусымда жеңімпаз Лаура Нұртаева атанып, ҚМПУ-де төрт жыл тегін оқу грантын ұтып алды.

Жаңа маусымда аталмыш бағдарлама тек қазақ тілінде емес, орыс тілінде де өтетін болады. Кезеңдерден сүрінбей өткен ең білімді 11 сынып оқушысы білім грантына ие болмақ.   Қатысқысы келетін үміткер, қыркүйек айында мектебіне келген шақыруға өз аты-жөнін жазса болғаны. Сонымен қатар дайындалуды да ұмытпаған абзал. Барлық шарт осы.

Өткен маусымда зияткерлік ойынға Қостанай облысы бойынша 100-ге жуық оқушы қатысты. Алдағы ойындарға бұдан көбірек қатысушы болуы жоспарлануда. Яғни ойын саны көбірек болады. Бұдан да өзге қызықтарды білгіңіз келсе, арнамызда қыркүйек айында басталатын ойынды жіберіп алмаңыз.

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар