ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

«IQ-DODA»: БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ

20:55, 27 қыркүйек 2019

IQ-DODA» зияткерлік ойыны арнамыздан өткен маусымда эфирге жол тартып, көрермен көңілінен шыққан еді. Ең бастысы жеңімпаз Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Аталмыш жоба жаңа маусымда да өз жалғасын таппақ.

Қыркүйек айы басталысымен оқушылар мектепке баратыны баршамызға мәлім. Сондай-ақ дәл осы айда 11 сыныптарды өз білімін дәлелдеу үшін «Қостанай» арнасы шақырады. Жаңа маусымда «IQ-DODA » зияткерлік ойыны өзінің жаңа жеңімпазын іздейді. Еске сала кетейік, өткен маусымда жеңімпаз Лаура Нұртаева атанып, ҚМПУ-де төрт жыл тегін оқу грантын ұтып алды.

Үш кезеңнен тұратын зияткерлік бағдарламада қойылатын сұрақтар көбінесе елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер мен тарих туралы ілімдерді. Сондай-ақ мектеп бағдарламасынан да үш тілде сұрақтар дайындалған. Алғашқы деңгейлерде төмен нәжтижеге ие болған оқушы, үшінші деңгейде категориялық тапсырмаларды орындау арқылы жоғары ұпай жинауы мүмкін. Яғни бұл ойынды одан әрі тартысты ете түседі.

Ойынның әр шығарылымы мектебінен түлеп ұшқалы отқан балаға ҰБТ-ға дайындалуға қосымша құрал іспетті. Білгенін тексеріп, білмегенін үйренеді. Бұдан да өзге қызықтарды білгіңіз келсе, арнамыздан алыстамаңыздар.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...