ШҰҒЫЛ! Денсаулық сақтау саласы даму үстінде Толығырақ

«IQ-DODA»: БІЛІМДІЛЕР САЙЫСЫ

20:51, 18 наурыз 2019

Арнамыздан қыркүйек айында көрермен назарына жол тартқан «IQ-doda» зияткерлік бағдарламасында іріктеу кезеңдері аяқталып, жартылай финал басталды. Осыған дейін облысымыздың түкпір-түкпірінен келген үздік он бірінші сынып оқушылары өз білімдерін сынады. Жоғары нәтижеге ие болғандар ақтық сында кездеспек.

Білімді мыңды жығар. Бұл «IQ-doda»  бағдарламасына келетін оқушылардың негізгі ұстанымы. Олардың мақсаты айқын. Ең бастысы барлығы да: «болашақта еліме пайдам тисе»,- дейді. Хабардың мақсаты да жас ұрпақ арасында білімге деген құштарлықты насихаттау. Осы ретте тек қала мектептері емес, оқушылар шалғай аудан-ауылдардан да келіп қатысты. Дегенмен тартысты дода болғасын жеңімпаздың да болуы шарт.

Үш кезеңнен тұратын зияткерлік бағдарламада қойылатын сұрақтар көбінесе елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер жайлы, тарихымыз жайлы. Сондай-ақ мектеп бағдарламасынан да үш тілде сұрақтар дайындалған. Алғашқы деңгейлерде төмен нәжтижеге ие болған оқушы, үшінші деңгейде категориялық тапсырмаларды орындау арқылы жоғары ұпай жинауы мүмкін. Яғни бұл ойынды одан әрі тартысты ете түседі.

Айта кетейік, «IQ-doda» зияткерлік бағдарламасы жеңімпазы жылдық ойында анықталып, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінен ректор грантын иеленеді. Жылдық ойынға да аз-ақ қалды. Сол себепті жартылай финал және ақтық ойын барысында  университет атынан сарапшы ойынды қадағалап отырады.

Ақыл Асқарова

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙДА 916 ОҚУШЫ ОРТА БІЛІМ ОРДАСЫН АЯҚТАДЫ
20:17, 27 мамыр 2019
ҚОСТАНАЙДА 916 ОҚУШЫ ОРТА БІЛІМ ОРДАСЫН АЯҚТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
19:07, 14 маусым 2019
Денсаулық сақтау саласы даму үстінде
Толығырақ...