ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

«INTELLECT ASU». ТУҒАН ӨЛКЕ ТАРИХЫ

20:57, 4 қазан 2019

Туған өлке тарихын қостанайлық жастар қаншалықты біледі? Облыс орталығында қаладағы барлық Жоғары оқу орындарының студенттері “INTELLECT ASU” интеллектуалды ойынына қатысты. Шараға «Қоғамдық келісім» мекемесі мұрындық болды. 6 команда өңіріміздегі тарихи орындар, мәдениет пен салт-дәстүр және табиғи ерекшеліктерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Тақырыпты да, сұрақтарды да қатысушылардың өздері таңдауға мүмкіндік алды. Алдымен командаларға “INTELLECT ASU” ойынының тәртібі түсіндірілді. Тақырып сан алуан. Саясат, өлке тарихы, тағы басқа. Ең бастысы – ұлтаралық татулық. Биыл Қостанай қаласы бойынша 6 Жоғары оқу орнының студенттері өзара сынға түсті.

Командалар 4 кезең бойынша білімдерін сарапқа салды. Тек білімдері ғана емес, ойлау қабілеттері, топта жұмыс істеу шеберліктері де назарға алынды. Тапсырмаларды арнайы жасақталған сарапшылар әзірлеген.

Интеллектуалдық бұндай ойындарды Қоғамдық келісім мекемесі жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы шара рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жастар тек білімдерін ортаға салып қана қоймайды, сонымен қатар туған өлке жайлы көптеген мәліметтерге қанық болады.

Айдын Шайкенов

Тақырып бойынша материалдар

ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
20:33, 15 қаңтар 2020
ҰБТ СЫНАҒЫН БАҚЫЛАУҒА МОНИТОРИНГ ТОПТАРЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
20:28, 10 қаңтар 2020
«ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» - БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар