ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ИННОВАЦИЯМЕН БӨЛІСЕМІЗ! АУДАН ҰСТАЗДАРЫ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСТЫ

20:10, 6 наурыз 2020

Инновациямен бөлісеміз! Осындай атаумен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының челленджін Павлодар облысынан Қостанай ауданының ұстаздары қабылдады. Аталған өлкеде балалардың жаратылыстану математика пәндеріне деген қызығушылығын артыру мен дарындылығын дамыту мақсатында инновациялық технологиялар бесенді пайдаланылуда. Солардың бірі ретінде білім беру квестін айтуға болады.

Тобыл қаласындағы Нұржан Наушабаев атындағы орта мектеп. Инновациялық технологияға негізделген тың әдіс тәсіл сабақ беру барысында тиімді  қолданылып жатыр. Түсіну , талдау, талқылау. Әр топ квест ойыны арқылы жаратылыстану пәндері бойынша  тапсырмаларды орындау үстінде. Бүгінгі интернеттің көмегін ұтымды пайдаланған ұстаздар оқушылардың   білім алуға деген  ынтасы мен белсенділігінің артқанын айтады.  Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы бастаған челлендждің де негізгі мақсаты  сол. Мектептердің интерактивті әлеуетін паш ету.  Бұл жөнінен Қостанай ауданы  өзгелерге  үлгі  болуға лайық.  

Тағы бір қуантатыны , интерактивті құралдарды пайдалану арқылы ауыл балаларына  сапалы білім беру мәселесі жолға қойылған.  Шәкірттер саны аз шағын жинақты мектептерде оқушылар сабақты ғаламтор желісі  арқылы игеруде.   Тобыл қаласының  нөмірі 1- ші орта мектебі Қостанай ауданындағы тірек мектебі болып саналады.

Ақпараттық ресурстарды қолдану аясында ұстаздар  жаратылыстану пәнінен  оқу үлгерімі жақсы   500 - дей оқушыны анықтады. Енді олар білім олимпиадаларына  дайындалады. Тың үрдіс, тиімді тәсілді енгізу арқылы аудандағы мектептер жаңа белестерге көтерілді. Бұл  білім беру  әлеуетінің  өте жоғары екенін аңғартады. Квест ойыны  аясында оқу  сапасы артатанына ұстаздар бек сенімді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
20:12, 29 мамыр 2020
МЕКТЕП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУА ДЕН ҚОЙЫЛМАҚ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...