ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20:37, 5 желтоқсан 2019

Алдамжар оқулары - 2019. Осындай атаумен Зұлқарнай Алдамжар атындағы университетте ғылыми - тәжірбиелік конференция өтті. Жыл сайынғы дәстүрге айналған шарада қазақстандық және шетелдік ғалымдар өндірістік салада бәсекеге қабілетті жоғары білікті маман дайындау мәселесін талқылап, өзара тәжірбие алмасты.

Адал еңбекті өмір ұстанымы санаған ғалым артына өшпес із,рухани бай мұра қалдырды.Жыл сайын академик атындағы университетте Алдамжар оқулары атты тәжірбие алмасу мақсатында жиындар өткізіліп тұрады.Бұл қалыптасқан дәстүр биыл да өз жалғасын тапты. Шараның басты мақсаты ғылым мен технология дамыған жаһанда жастарға заман талабына сай сапалы білім беру.

Зұлқайнар Алдамжар ғұмырын ғылымға,білімге арнаған ұлы тұлға.Жас мамандардың сапалы білім алуына сүбелі үлес қосқан ел ағасы. Бүгінгі жиында еліміздің өзге өңірлерінен бөлек Ресейдің де ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қоғам қайраткерінің қызы Бибігүл Зұлқарнайқызы да қатысып ұйымдастырушыларға өз алғысын білдірді.

Конференцияда білім беру саласындағы салмақты мәселелер талқыланды. Студенттер келген қонақтарға сауалдарын қойды.Ғалымдар оқытушылармен тәжірбие бөлісті.Ұлы тұлғаны еске алуға арналған жиындар облыс көлемінде әлі де жалғасын таппақ.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС
20:24, 22 қаңтар 2020
БАЛАЛАРДЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...
ӘЛСІЗ ИНТЕРНЕТ ҰСТАЗДАР ЖҰМЫСЫНА ҚОЛБАЙЛАУ
20:22, 21 қаңтар 2020
ӘЛСІЗ ИНТЕРНЕТ ҰСТАЗДАР ЖҰМЫСЫНА ҚОЛБАЙЛАУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
20:10, 23 қаңтар 2020
12 ҚОСТАНАЙЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...