ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ҒЫЛЫМ, ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БІЛІМ ИНТЕГРАЦИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛАР

20:42, 17 қазан 2019

Облыс әкімі жұмыс сапары аясында, Рудный индустриялық институтының 60 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Оқу ордасында ұйымдастырылған шара «Ғылым, технология, және білім интеграциясы саласындағы инновациялар» атты тақырыппен өтті. Шетелдің Жоғары оқу орындарынан келген меймандар өз тәжірибелерін ортаға салып, білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Қазығы 1959 жылы қағылған Рудный индустриялық институтының тарихы Соколов - Сарыбай кен байыту комбинатымен тікелей байланысты. Оқу орны өнеркәсіп саласында техникалық мамандар дайындау мақсатында ашылған болатын. Елімізге танымал талай талантты тұлғалар білім алған институт бірегей оқу орындарының бірі саналады. Түлектердің тоқсан пайыздан астамы мамандығы бойынша жұмыспен қамтылған. Оқу орнының ұжымын облыс әкімі құттықтады.

«Ғылым, технология, және білім интеграциясы саласындағы инновациялар» атты тақырыпты талқыға алған халықаралық конференцияға Ресей, Белорусь, Украина, Германия, Польша, Чехия, Болгариядағы университеттерден ғалымдар мен ғылыми зерттеу институттары қатысты. Осыдан-ақ, алыс жақын шетел елдегі беделді оқу орындарының индустриялық институтпен білім саласында ынтымақастық байланыс орнатуға мүдделі екенін байқау аса қиын емес. Жалпы, Рудный индустриялық институты жақында екі келісім - шартқа қой қойды. Құжат Польшадағы ғылыми зерттеу институты мен политехникалық университімен әріптестік байланысты дамытпақ. Осындай білім беру саласындағы ынтымақтастықтың арқасында студенттер Болгария, Латвия, Ресей елінің жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады.

Ғылыми тәжірибелік конференцияда инновациямен қамтылу, заманауи білім мен ғылымға барынша басымдық беру, кадрлар даярлау жүйесін жаңғырту мәселесіне баяндама жасалды. Шетелдік әріптестер осы бағыттағы жетістітіктерін жіпке тізді.

Бұл жиынның маңызы аса зор, дейді ғалымдар. Бастысы, бұл тәжірибе алмасу алаңы. Өйткені технология саласындағы ғылым ол уақыт талабы. Сондықтан конференцияға қатысқан шетелдік университеттер білім, инновация бағытында пікір алысып, ой бөлісті.

Басты міндет мұндағы студенттер мамандық игеріп қана шықпай, инновациялық технологияға септігін тигізетін студент ретінде байқалуы керек. Ал, мұндай конференциялар бірінші кезекте ғылымға машыққан жастардың ынтасын оятады дейді оқу орнының ұжымы. Сондықтан әкелер пайдасы қыруар болады дегенді айтады. Конференцияда еңбегімен ерекшеленген оқытушылар қауымы облыс әкімінің грамотасымен марапатталды.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...