ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

21:03, 10 қазан 2019

2019 жыл жастар жылына орай Орталық өңірлік қолбасшысына қарасты 6697 әскери бөлімінде оқушыларға арналған ашық есік күні өтті. Шараға Бейімбет Майлин ауданынан «Жас сарбаз» әскери клубының оқушылары қатысты.

Ерлік сабақтары» шеңбері аясында 6697 әскери бөлімі Бейімбет Майлин ауданының жиырма шақты мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырды. Болашақ Отан қорғаушылар қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты, сондай-ақ, сарбаздардың жатын орнын, асхана мен медициналық пунктерін аралады. Әскери қызметшілер қонақтарға алаңда сап дайындығының әдіс-тәсілдерін және жекпе-жек ұрысының элементтерін көрсетті.

Әскерилер осы іс-шара арқылы жасөспірімдерді ел қорғауға шақырып, елдің тыныштығын сақтау азаматтық борышы екенін түсіндірді. Мектеп оқушылары үшін кең көлемді мәдени бағдарлама әзірленді. «Ұлт ұландары» деректі фильмі де назарға ұсынылды. Кездесуді өткізудегі мақсат – жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу дейді 6697 бөлімінің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімінің бастығы Дулат Төлегенұлы.

Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді. Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

Қымбат Шұғайып

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
20:46, 4 қараша 2019
ОБЛЫС ОҚУШЫЛАРЫ БІЛІМ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...