ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

ЕНДІ СТУДЕНТТЕР СЫРТТАЙ ОҚИ АЛМАЙДЫ

12:01, 8 қаңтар 2019

Интернет арқылы онлайн режимде емтихан тапсыру енді өткеннің еншісінде. Биылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары сырттай оқуға ешкімді қабылдамайды. Себебі, сырттай оқитын студенттер білім алу кезінде күндізгі оқу бағдарламасының тек 65 процентін ғана меңгереді екен. Ал, бұл - өте аз. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігі осындай қадам арқылы мамандардың сапасын көтеруді көздеп отыр.

Биылдан бастап студенттер сырттай оқи алмайды. Десе де, оның баламасы ретінде part-time жүйесі қарастырылып жатыр. Оның ерекшелігі, оқу кестесі студенттің ыңғайына қарай қойылады. Мысал үшін, жұмыстан кейін немесе демалыс күндері. Ол таңнан кешке дейін қолы босамайтындар үшін қолайлы болмақ. Part-time институты білім беру саласына өте қажет. Осы жүйемен оқығысы келетіндердің қатары да артуда. Мұндағы басты талап, студенттер мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 100 процент білімді толық меңгеруі тиіс

Қашықтықтан оқыту жүйесін де қолға алмақ елдің Білім және ғылым министрлігі.  Бәсекелестігі жоғары әрі нарық заманында өмір сүрген адам тек алған дипломымен ғана бағаланбайды. Сұранысқа сай маман болу үшін біліміңнің жетік болуы маңызды. Ал, сол білімді беретін университтеттердің деңгейі бұдан-былай түлеткен шәкірттерімен өлшенеді

Сондай-ақ, оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері бекітеді. Ал, қай семестрде қанша сабақ оқу керектігін студенттің өзі таңдайды. Яғни ұзақ оқыса, оқу ақысын да көп төлейді. Ертерек аяқтаймын десе, өз еркінде. Ал, биылға дейін сырттай оқуға түсіп үлгергендер диплом алғанға дейін бұрынғы жүйемен оқуын жалғастыра алады.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ОҚУШЫ «NURINTECH» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ
20:39, 17 қаңтар 2019
ҚОСТАНАЙЛЫҚ ОҚУШЫ «NURINTECH» БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ
Толығырақ...
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ: ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МЕКТЕП АСХАНАСЫН ТЕКСЕРДІ
20:38, 14 қаңтар 2019
«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ: ТАМАҚТАНДЫРУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША МЕ...
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
20:51, 9 қаңтар 2019
ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЗЕРТХАНАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
18:17, 16 қаңтар 2019
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...