ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

ӘДЕПТІЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

20:55, 2 қыркүйек 2019

Әдептілік сағаты. Жаңа оқу жылының алғашқы сабағы осылай деп аталды. Әдептілік, адалдық, әділеттілікті насихаттауды мақсат еткен іс-шара Қостанай облысындағы барлық мектептерде өтті. Мұғалім рөлінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері болды.

Ашық алаңда әңгіме жүргізіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берген - сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мамандары мен мектеп мұғалімдері болды.  Адалдық, әділеттілік пен әдептілік ұғымдары қарапайым ғана болғанымен әр тұлға өзінше түсінетіні сөзсіз. Бүгінгі күнннің ең басты құндылықтарының бірі болған бұл ұғымдарды, оқушыларға сала мамандары кеңінен түсіндіруге тырысты.

Жас ұрпақтың негізін қалаушылардың бірі ұстаз екені етенеден белгілі.  Ал, осы жауапкершілікті мойнына алған ұстаздар қауымы да,  оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасап әділетті, адал тұлға қалыптастыруда барынша жұмыс жасаймыз деп отыр. 

Жоғарғы сыныпқа енді аяқ басып, болашақта заңгер болғысы келетін Олжас жастар үшін адалдық пен әділеттік ұғымының маңызы зор деп отыр. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сала мамандары әркез жастарға жіті көңіл бөліп келеді. Бұндай кең көлемдегі шаралар 2015 жылдан бастап өткізуде. Ал, республикалық деңгейдегі дәстүрлі «Әдептілік сағаты»  биыл бірінші рет қолға алынған. Болашақта бұндай шараны тек мектеп оқушыларына ғана емес, жоғарғы оқу орындарында өткіу жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
20:32, 18 ақпан 2020
ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...