ШҰҒЫЛ! ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ Толығырақ

БИЫЛ 5 ЖАҢА ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

20:37, 28 қаңтар 2019

Өзінің «5 әлеуметтік бастамасында» Елбасы «Қазір ЖОО мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз сту мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін аталған білім мекемелері мен девелоперлік компаниялар, яғни, мемлекет пен жеке меншік серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек» деген болатын. Осылайша, ол 2022- жылдың сонына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырды. Игі бастаманың арқасында талай жастардың жатақханамен қамтылары сөзсіз. Осыған орай, облыста студенттер үйінің құрылысы биыл жаз айларында басталады.

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» бойынша биыл облыс орталығындағы үш бірдей колледж студенттері үшін жаңа жатақхана бой көтереді. Атап айтқанда, Қостанай  политехникалық, автокөліктік және медициналық колледж тәлім алушыларының тұрақты мекендері болады.

Студенттік жатақханалардың жетіспеу мәселесі өңірде өте өзекті. Сондықтан, біз  ол нсандардың санына ғана емес, сапасына да баса мән беру керекпіз дегенді айтты облыс әкімі. Осы ретте, мердігерлік копанияларға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін жеткізді.

Жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін де жағымды жаңалық бар. Биыл қос бірдей университет тәлім алушыларына арналған жаңа жатақханалар салынады. Олар: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және Ө. Сұлтанғазины атындағы ҚМПУ. 

Тілге тиек етілген тақырыптың тоқетері – жаз жетісімен жатақханалар құрылысы басталады. Әзірге, болашақ нысандардың қағаз жүзіндегі жұмыстары атқарылып жатыр. Тиісті құжаттарға қол қойылысымен, бес бірдей студенттер үйінің құрылысы басаталады.

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР ЖЫЛЫ: СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ҚҰРЫЛДЫ
20:40, 21 ақпан 2019
ЖАСТАР ЖЫЛЫ: СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
«БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ»: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
20:34, 20 ақпан 2019
«БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІ»: МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
20:56, 18 ақпан 2019
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ
10:19, 20 ақпан 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР НАУРЫЗ АЙЫНДА 14 КҮН ДЕМАЛАДЫ
Толығырақ...
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
20:38, 18 ақпан 2019
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Толығырақ...