ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:47, 23 қыркүйек 2019

Білім саласында жемқорлық фактілері азаяр емес. Соңғы 3 жылда аталған саланың 22 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған. Мәселен, Қостанай ауданындағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін есепші төлем шоттарын қолдан жасап , 3 жылда 21 млннан астам бюджет қаражатын қалтасына басқаны анықталған. Осы және өзге де заңбұзушылықтар облыстық «Nur Otan» партиясы филиалында өткен жиында айтылды.

Білім саласындағы жемқорлық фактілері тыйылар емес. Соңғы 3 жылда осы салаға қатысты 22-ден астам қызметкер істі болған. Аталмыш саладағы бассыздық тек бұл ғана емес. Тексеріс нәтижесінде, Арқалық қаласына қарасты Бейімбет Майлин орта мектебінің бас есепшісі төлем шоттарын қолдан жасап 12 айдың ішінде 2 млннан астам бюджет қаражатын қалтасына басқаны анықталды.

Жиында балабақшалар мен мектептердегі қажеттіліктерге ақша жинау мәселесі де кеңінен талқыланды. Өңіріміздің бас ұстазы Василий Цымбалюк, ата-аналардан мектеп қажеттілігіне ақша жинауға қатаң тиым салынатынын және білім беру мекемелерінде ақша жинау тек демеушілік қызметі арқылы ғана жүзеге асатынын баса айтты.

Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, ата – аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату мәселелерін кеңінен талқылауды мақсат еткен жиында тәуекелдерін төмендету бағытында нақты шаралар қабылданатыны сөз етілді. Кеңес соңында білім басқармасы қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін алуда кешенді жұмыстар жүргізілу керектігі айтылды.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
20:24, 28 мамыр 2020
БІЛІМ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ 6 ЕСЕГЕ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...