ШҰҒЫЛ! ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Толығырақ

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

20:33, 21 қазан 2019

Еліміздегі мектептер 2021 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірілмек. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мәжілісте өткен үкімет сағатында осылай деді. Оның айтуынша, қазіргі бағдарлама 95 пайызға жаңартылған. Яғни жаңа жүйеге өту процессі біртіндеп жүзеге асып жатыр.

5+5+2. 12 жылдық жүйе осы принцип бойынша жүзеге асырылмақ. Яғни бастауыш 5 сыныпқа дейін, одан соң 6дан 10 сынып аралығы және 11-12 сыныптар. Дегенмен мәжіліс депутаттары мектеп бағдарламасы дайын болғанымен біздің материалдық техникалық базамыз әзірге ақсап тұрғандығын алға тартты.

Иә, қазір еліміз бойынша 36 апатты және 125 3 аусымда оқитын мектеп бар. Жыл сайын білім ошақтары салынғаны мен халықтың демографиялық өсімі мен көшіп қону динамикасына ілесе алмай тұр. Министр мәселені шешу үшін ауқымды жұмыс жасалып жатқанына тоқталды. Бірақ, мәселе толық шешілетін уақытты дөп басып айта алмады.

Мектеп бағдарламасына қатысты да депутаттар өзекті сұрақтар қойды.

Министр болса бағдарлама әлі де жетілдірілетінін, мәселе шешілетінін айтты. Келесі мәселе мұғалім мәртебесі. Депутаттардың пікірінше саласындағы жүйені толық ретке келтірмей біз халықаралық деңгеймен тайталасатын білім сапасын қозғай алмаймыз.

Иә орта білімнің сапасы сын көтермейді. Және ол жуық арада ретке де келмейді. Бекболат Тілеухан түбегейлі өзгеріс болмаса еш өзгеріс болмайтынын сенімді айтты.

Осы сөздерден соң Асхат Аймағамбетов күрмеуі қиын көп мәселелерді шешу үшін үлкен өзгерістерді бастайма деген үміт бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
20:50, 11 желтоқсан 2019
А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КЕШ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
20:53, 9 желтоқсан 2019
БАСКЕТБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...